Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 октября 2023 12:51

50-ден асқан шағында мұхит асып, бұрын аяқ баспаған елге барған қазақстандықтардың оқиғасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: жеке архив Фото: жеке архив

Бүгінде жастардың көпшілігі шетелде оқуды, ел танып, жер көруді, саяхаттауды құп көреді. Алайда 50-ден асқан шағында мұхит асып, бұрын аяқ баспаған елге бару көптің қолына келе бермейтін ерлік деуге тең.


Бүгінде жастардың көпшілігі шетелде оқуды, ел танып, жер көруді, саяхаттауды құп көреді. Алайда 50-ден асқан шағында мұхит асып, бұрын аяқ баспаған елге бару көптің қолына келе бермейтін ерлік деуге тең.

Дәл осылай 50 жасты еңсерген шақта Америкаға көшіп, тіл үйреніп, шетелде жұмыс істеп жүргендердің бірі - Жұмабай Молдажанов пен Бақытгүл Қалиаждарова. Балалары олардың шетелдегі өмірін көрсетіп, әлеуметтік желіде жариялап тұрады. Massaget.kz тілшісі Жұмабай Молдажанов пен Бақытгүл Қалиаждарованың келіні Гүлжанармен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Ұшақ көрсе, "ата-апа келе жатыр" дейтін". Америкаға көшіріп алу идеясы қалай келді?

Әлеуметтік желіде Америкада UberEats қызметінде тамақ тасумен айналысып жүрген Жұмабай Молдажановтың видеосы әп сәтте тарап кетті. Көпшілік 50 жаста ата-аналарын шетелге көшіру идеясы қалай келді екен деп ойланғаны жасырын емес шығар. Олардың келіні Гүлжанардың сөзінше, ата-анасы бұған дейін тіпті алыс-жақын шетелге шығып көрмеген.

"Ата-анамызды Америкаға көшіріп, қасымызда болғанын қаладық. Өйткені тұңғыш немересі Мағжан сағынып іздейтін, сұрайтын. Төбеден ұшақтар көрсе, "ата-апа келе жатыр" дейтін. Біз соған тілекші болдық. Туристік визаға тапсырудың амалын ойладық. Грин карта лотереясы басталған кезде ата-анамыз тапсырып көрсін деп шештік. Суреттерін, құжаттарын алып, әкеме де, анама да тапсыртып қойдым. Сөйтіп, ұтып кетті. Бірақ ол кісілер "қалай болар екен" деп біраз ойланды. Өйткені бір жерде тұрақтап қалған кісілер алыс-жақын шетелге шығып көрмеген. Той-томалаққа, ұзаса Атырауға, Семейге, Астанаға барып жүргендері болмаса, шет ел шығып, жер асып, ел асып көрген емес. "Құласаң нардан құла" демекші, Америкаға бір-ақ алып келдік", - дейді Гүлжанар.

"Келемін десе де, қайтамын десе де өз еріктерінде"

Үлкендер жағы әдетте ауылдан жырақ шыққысы келмейді. Ондағы себеп ағайын-туыс, дос, бауыр екені де белгілі. Гүлжанар ата-анасы да алғашында ауылды қимағанын айтады.

"Олар да ауылдан ұзап кетуге дос-жаран, ауыл-аймақ, той-думанды қимады. Грин картаның бір жақсысы, бастапқы 6 ай Америкада болсаңыз, әрі қарай келіп-кетіп жүруге мүмкіндігіңіз бар. Бұл кісілерге саяхат есебінде, жаңа нәрсе есебінде көрсетсек деп ойладық. Немересін де көреді. Өздері ойлағаннан кейін бір шешімге келді. Ол кісілерге "әрқашан таңдау болады, келемін десеңіздер де, қайтамын десеңіздер де өз еріктеріңізде" дедік", - дейді ол бұл туралы.

Фото: жеке архив

Көпшілікті толғандыратын тағы бір сұрақ - олардың 50 жаста Америкаға қандай жолмен барғаны.

"Америкаға грин картамен келді. Лотереядан ұтты. Ол кісілер бірінші рет қатысып тұр. Құжаттары тап-таза болды, жаңа алған. Шетелге шығып көрмеген. Лотереяға да бірінші рет қатысып, бірінші ретінен ұтты. Грин карта лотереясынан ұтпаса, туристік визаға тапсырып, туристік визамен келеді деп ойладық. Алла Тағаланың сыйы болып тұр ғой", - дейді келіні.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 453.06   490.7   5.12 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети