Аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобының мүшесі Досым Сүлеев ансамбль репертуарындағы "Алматы түні" әні қалай жазылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобының мүшесі Досым Сүлеев ансамбль репертуарындағы "Алматы түні" әні қалай жазылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Аман Тасығанның Talklike бағдарламасында әңгімеледі.
"Ансамбльдің аты шығып, танымал бола бастағаннан кейін Мәскеуден режиссер мен продюсер келіп, "Дос-Мұқасан" туралы деректі фильм түсіруге тапсырма алған. Біраздан кейін маған режиссер келіп, "Дос, сен ән жазады екенсің ғой. Кешкі Алматы туралы жақсы түсірілім жасадық. Алматы кеші туралы ән жазып берсең" деді. Саған ақша төлейміз, ақысын береміз деді. Мен ол кезде қаламақы деген нәрсені естімегем. Өзің жазасың, соған тағы ақша аласың, ол кезде 100 рубль", - дейді Досым Сүлеев.
Осылайша режиссер композиторға ән жазуға бір айдай уақыт берген.
"Той жырын" жарты сағатта жаза салғанымды естіген шығарсыздар. Үйге барып, отырсам дым шықпайды. Бір апта өтеді, гитараны, фортепианоны аламын, шықпайды. Көшеге шықтым. Шабыт жоқ, түнде барам, кешке де барам, арақ ішіп те бардым. 10 күндей қалды. Не істерімді білмедім. Тұманбай ағаға (Молдағалиев - еск.) бардым. Қалай қабылдар екен деп қорықтым", - дейді композитор.
Бірақ Тұманбай Молдағалиев әннің сөзін бір күнде жазып берген.
"Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған секілді.
Қаз қатар өскен тату бақ,
Ойланып қалған секілді.
Біздің көшелеріміз тура қаз қатар тұрғандай. Ал "ойланып қалған секілді" дегені - кешке қарасам жапырақтар көрінбейді, ойланып қалған сияқты. Тамаша сөздер! Бір күннің ішінде әні жазылды. Бірақ "Алматы кеші" емес, "Алматы түні" деп өзгерттік. Бәрі келісті", - дейді композитор.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!